Госзакупки Кәсіпорын туралы Сумен қамтамасыз ету Канализация Тұтынушылар үшін Экология СЕМ Контакты
kaz | rus
+7 (7132) 59-52-60 ж?ру кестесі

Су сапасын бақылау

Ауыз судың талап етілетін параметрлерін қамтамасыз ету үшін зертханалық-өндірістік бақылаудың жұмыс бағдарламасы бекітілді. Жұмыс бағдарламасына сәйкес сынамалау зертханасы құрылғылар мен су өңдеу процесстерінің жұмыстарын технологиялық бақылау жүргізеді. Мәліметтерге сүйене отырып, желістерді және құрылғыларды тазалау, шаю мен залалсыздандыру кестесі жасалады.

Құндақтықыр бас тоғаны ұңғымасынан алынатын су су тазалау имараттарында өңделеді. Су құбырының суы өңдеудің барлық саласында тексеруден өтеді. Сорғылау-сүзгілеу бекетінде күнделікті төмендегідей сынамалар өтеді: Құндақтықыр бас тоғанындағы қабылдау камерасындағы таза су резервуары мен сүзгіден кейін лайлығы, түсі, иісі, дәмі, сутегі көрсеткіші, температурасы, еркін қышқылдылығы, еріген оттегі, темір көрсеткіштеріне тексеріледі. Белсенді қалдық хлор сағат сайын тексеріледі. Зертхана тәулік бойы жұмыс жасайды.

Ауыз су сапасының құрамы адам ағзасының қалыпты жағдайына әсерін тигізбейтіндей дәрежеге жетуі тиіс. Ауыз су сапасының негізі талаптарына токсикологиялық көрсеткіштербойынша қауіпсіз және жақсы органолептикалық көрсеткіштер болып табылады.

Ауыз су сапасының №104 санитарлы ереже талаптарының сәйкессіздігі анықталған болса, «Ақбұлақ» АҚ пайдалану қызметтері сол учаскенің суын немесе су үлестіру колонкасын жауып, дереу кемшіліктерді жою (жөндеу, залалсыздандыру, шаю т.с.с) іс-шараларын орындайды. Содан соң зертхана қызметкерлері химиялық-бактериологиялық көрсеткіштер бойынша су сапсын тексеруден өткізеді. Жыл сайын қаланың, ауданның желістері барлық су қоймалары, залалсыздандырылып шайылады. Сынамалау зертханасының қызметкерлері осы жұмыстарды жүргізуге белсене қатысады. Барлық нысандар санитарлы нормалардың №104 ережесіне сай бақыланып отырады. Сынама алу мен зертхананың барлық жұмыстары Ақтөбе қ. санитарлы-эпидемиологиялық қызмет органымен бекітілген.

Ауыз су сапасы мен оны бақылауды ұйымдастыру 18.01.2012 ж. № 104 санитарлы ережелер талаптарына сәйкес және 2874-82 ГОСТ «Ауыз су».