АҚ Ақбұлақ кәсіподақ ұйымы

«Ақбұлақ» Акционерлік Қоғамында Ақтөбе облыстық кәсіподақ кеңесінің төрағасы Пфаненштиль Виктор Алексеевичтің қатысумен есеп беру – сайлау жиналысы өтті.

Бүгінгі таңда «Ақбұлақ» кәсіподақ ұйымында1122 адам бар. Кәсіподақ есеп беру – сайлау жиналысына 64 делегат сайланды. АҚ «Ақбұлақ» кәсіподақ камитетінің төрағасына бірауыздан кандидат Алдияров Мұхамбетанапия Смағұлұлы сайланды.

Кәсіподақ төрағасының орынбасары болып Скаков Нұрболат Ұзақбайұлы сайланды.


«Ақбұлақ» акционерлік қоғамы 1937 жылдан бастап, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйесі саласында қызмет етіп келеді. Қазіргі уақытта еңбегі бағаланған қызметкерлер облыс және қала әкімдерінің алғыс хаттарына барлығы он адам ие болды.

«Ақбұлақ» АҚ әкімшілігі мен кәсіподақ арасындағы біріктірілген шешім шығарылып, ереже бекітілді. Ереже бойынша «Еңбек сіңірген қызметкері» төс белгісі және жеке куәлігі бекітіліп, мұндай марапаттауға мекеме басқарған президенттер, бас инженерлері, ардагерлер мен еңбекте жоғары жетістікке жеткен, бүгінгі таңда қызмет етіп жатқан мекеменің қызметкерлері лайықты деп табылды.

Ең үздік безендірілген кабинет

Жаңа жыл мерекесіне орай «Ақбұлақ» акционерлік қоғамының кәсіп одақ ұйымы «Ең үздік безендірілген кабинет» атты конкурс ұйымдастырды. Бұл конкурсқа арнайы құрылған комиссия мүшелері әр бөлімнің безендірілуін тексерді. Комиссия мүшелерінің шешімі бойынша

  1. орын Қызмет өткізу департаменті 10000 тг
  2. Жоспарлау экономикалық бөлімі 5000тг
    Кадрлар бөлімі 5000 тг
  3. 3- орын Есеп бөлімі 3000 тг
    Кәріз су тазалау имараты 3000тг
    Өндірістік техникалық бөлім 3000тг
    Бас энергетик бөлімі 3000тг

Ынталандыру сыйлықтарына Әкімшілік шаруашылық бөлімі (2000 тг) Еңбек қауіпсіздігі бөлімі (2000 тг) лайық деп табылды.

«Ақбұлақ» АҚ кәсіподақ мүшелері Алға балалар үйіне барды

Жыл басында «Ақтөбе СУ» кәсіподақ төрағасы М.С.Алдияров пен Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік бөлімі жетекшісі,кәсіподақ мүшесі Д.Н.Тәжімбетов кәсіпорын басшысы А.И.Сағиевтың тапсырмасы бойынша Алға балалар үйіне барды. Кәсіпорын басшылары Алға балалар үйі тәрбиеленушілерінің ұйымдастырған жаңа – жылдық мерекелік шарасына қатысты. Мереке соңында «Ақбұлақ» АҚ кәсіподақ ұйымы балаларды құттықтап, жаңа жылдық сыйлықтар тапсырды.

«Ақбұлақ аруы» байқауы

Наурыз мейрамы

21.03.2014 жылы «Ақбұлақ» АҚ әкімшілік ғимараты жанында «Наурыз мейрамы» атты мерекелік шара өткізілді. «Наурыз мейрамы» ең алдымен мекеме басшысы Сағиев Айбек Игілікұлының құттықтау сөзімен басталып, келесі кезекті «Ақбұлақ» акционерлік қоғамының қадірлі ақсақалы, зейнеткер – Өтешов Ұран Ғалымұлының батасына жалғасты. Қала халқын сумен қамтамасыз етіп отырған бұл мекемеде жыл сайын 14-23 наурыз аралығында осындай жұртшылықтың көңілінен шығатындай қызықты байқау өткізу дәстүрге айналған. Биылғы наурыз мейрамы Сағиев Айбек Игілікұлының басшылығымен жылдағыдан да жоғары деңгейде аталып өткізілді. Әр бөлім атап айтсақ, өндірістік – техникалық бөлім мен кадрлар бөлімі бірігіп, «Беташар мен Тұсаукесер» дәстүрін көрсетсе, жоспарлау экономикалық бөлімі қазақтың «Баланы бесікке салу» дәстүрін насихаттады. Мерекелік думанда мекемеміздегі өнерлі қызметкерлеріміз дәстүрлі әндер мен биден шашу шашты. Спорттық ойындардан да жарыс өткізіп, жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар тапсырылды. Сонымен қатар дастарханға қазақтың ұлттық тағамдары қойылып, келген қонақтар наурыз көжеден ауыз тиді. Ғимарат жанында құрылған киіз үй мен алтыбақан мерекенің сәнін одан сайын ашқандай болды, барлық мекеме қызметкерлері ұлттық киімдерімен жүріп, мерекелік көңіл күйде болды. Қанымызға сіңісті, жанымызға жұғысты, ой санамызға нұрлы шуақ сыйлап, салт – дәстүріміз, әдет ғұрпымызды насихаттаған бұл мейрамнан келген қонақтар мен мекеме қызметкерлері рухани байлық алып қайтқаны сөзсіз. Наурыз мейрамының жүргізушілері мейрам соңында «Әр жылымыз осындай бірлік пен берекелі, мерекелі сәттермен бастала бернсін!» - деген тілектерімен думанды шара жабық деп жарияланды.

Мерейтоймен құттықтау

«Ақбұлақ» АҚ басшылығы мекемеде ұзақ жылдар еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан құрметті азаматы Өренгулов Калиулла ақсақалды 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

«Ақбұлақ» АК президенті Сағиев Айбек Игілікұлының құттықтау хатын КНС басшысы - Құдабаев Берік Кубайдуллаевич жеткізді.

«Сізді 90-ға келген торқалы мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Бұл белесті бағындыру үлкен бақыт. Бұл мерейтой өмірдегі биік белестерден асқан кезең. Сіз осы жаупты да қиын кезеңді абыройлы жүріп өттіңіз. Балаларыңыз бен шөберелеріңіз, тума – туыстарыңыз Сізді әрдайым пір тұтып, қамқорлығымен мейірімін силасын» - делінген, «Ақбұлақ» АҚ басшысының құттықтау лебізінде.

Ақсақалға иығына шапан жауып, естелік суретке түсті.

-Тоқсанға келіп қартайғандық па, бұл жаста адам мақтауды теріс көрмейді екен, Маған көрсетіп жатқан қошеметтеріңізге ризамын. Барлығыңызға менің жасымды тілеймін. Ақбұлақ акционерлік қоғамының президенті Сағиев Айбек Игілікұлына айрықша алғыс айтқым келеді, - деді Калиулла ақсақал.

Достық үйіндегі байқау

2014 жылдың 23 қыркүйегінде Кеңес «Ақтөбе облысының жас қоғамдық бірлестігі» мекемесінің ұйымдастыруымен «Жас жұмыскер» атты облыстық ән байқауы өткізілді.

Байқауға Ақтөбе облысының мекемелерінен жас жұмыскерлер шығып өз өнерлерін көрсетті, сонымен қатар дует номинациясы бойынша «Ақбұлақ» АҚ 2- орынды иеленді.

Байқау Достық үйінде өткізілді.