Метрология

Метрологиялық қызмет өз жұмысында басқарылады:

  • «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңымен;
  • ҚР заңдылық және нормативтік құжаттарымен;
  • ҚР индустрия Министрлігі метрологиясы және техникалық реттеу бойынша Комитеттің ұйымдастырушылық және әдістемелік құжаттарымен.

«Ақбұлақ» АҚ – да әр түрлі 200-ден астам өлшеу құралдары бар. Метрология бөлімі Ақтөбе қаласы «Сараптама және сертификаттау халықтық орталығы» АҚ бірігіп өлшеу құралдарын тексеру мен калибровка саласында метрологиялық қамтамасыз етумен айналысады.

Өлшеу құралдары ҚР пайдалануындағы белгіленген тәртіптегі рұқсат етілген көлемдерді анықтау үшін пайдаланылады және де пайдалану шарттарына белгіленген олардың талаптарына сай болуы тиіс.

Өлшеу құралдарын тексерістен өткізу әдісі белгіленген техникалық және метрологиялық талаптарға сай болуын және өлшеу бірліктері мемлекеттік қамту жүйесі реестріне міндетті түрде тіркелуіне жарамды болуын дәлелдеу үшін пайдаланылады.

Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыру аясындағы қолданылатын өлшеу атқару әдістері өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі реестріндегі тіркеу мен міндетті түрдегі метрологиялық сынақтан өтуге жатады.