Тарифтер

«Ақбұлақ» АҚ тарифі туралы түсіндірме хат

2013-2015жж тарифтері

2016-2020ж Сумен қамтамасыз ету тарифтері

2016-2020ж Кәріз су шығару тарифтері

«Ақбұлақ» АҚ негізгі қызметі ауыз сумен қамтамасыз ету, қала тұрғындарының, өнеркәсіптік  кәсіпорындар мен мекемелердің кәріз суын қабылдау мен тазалау және электр қуатын үлестіру болып табылады. «Ақбұлақ» АҚ 107 138 абоненттерге қызмет көрсетеді,  оның ішінде 102 421 жеке тұлғалар болса, 4 717 заңды тұлғалар. Электр қуатын 83 субабоненттерге үлестіреді.
«Ақбұлақ» АҚ-ның жарғылық капиталы 1 042 307 (бір миллиард қырық екі миллион үш жүз жеті мың) теңгені құрайды.
«Ақбұлақ» АҚ акциясы «Ақтөбе қаласы Әкімі Аппараты» ММ тұлғасындағы дауыс беру 100 пайызы немесе хабарланған  99,8 пайыз акциясы  мемлекет қарамағында.
Құзырлық орган «Ақтөбе қалалық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі » болып табылады.
Жарғыға сәйкес кәсіпорынның реттеуші қызмет түрлері мыналар:

  • Су шарушылығы жүйесі қызметі;
  • Кәріз су жүйесінің қызметі;
  • Электр қуатын үлестіру бойынша қызметтер.

«Ақбұлақ» АҚ табиғи монополиялар субъектісі Мемлекеттік  ригистрінің жергілікті бөліміне енгізілген.
Сонымен қатар, белгіленген заңға сәйкес кәсіпорын басқа да қызмет түрлерін жүзеге асырады.
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап үш жылға бекітілген реттелетін қызметтердің тарифтің нақты деңгейі пайдаланылып келеді. 
Сумен қамтамасыз ету бойынша орташа тариф 1 текше метрге 80,40 теңге;
Кәріз су шығару бойынша 1 текше метрге 81,28 теңге.
Субобоненттерге электр қуатын үлестіру сағатына 1кВ – 2,59 теңге.
Тарифтің нақты деңгейі үш жыл мерзімінде 1711,1 млн теңге көлемінде игере отырып, сумен қамтамасыз ету мен кәріз су шығару жүйелерін жаңарту мен қайта жаңартуға бағытталған инвестициялық міндеттемелерді орындауды қарастырады. Инвестициялық бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі көзі амортизациялық ақша қаражаттарын аудару мен табыс болып табылады.
Инвестициялық Бағдарламаға сәйкес төмендегідей жұмыстар қарастырылды:

  • бас тоғандардың ақпараттық-өлшеу жүйесін құру;
  • сорғылау құрылғысын жаңарту мен технологиялық құбырларды аустырумен қатар су қысымын көтеру сорғылау бекеттерін жаңарту (модернизация);
  • пластикалық құбырларды пайдалана отырып, Ақтөбе қаласының өздігіене ағызылатын коллекторларын, кәріз желісі мен су құбырларын күрделі жөндеу;
  • жаңа техникаларды енгізу.