Қайта есептесу регламенттері

  • Қайта есептесудің барлығы тұтынушының арызы бойынша жасалады. Қайта есептесу арыз берген сәттен бастап жүргізіледі.
  • Үй немесе пәтер иесі өзгерген кезде арызға пәтер иеленуге құқығын растайтын құжат көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабы (түпнұсқасы) қоса жалғанады. Жеке куәлігі болған жағдайда қызмет көрсетуге жеке шарт құрылады. Жаңа пәтер иелеріне қайта есептесу жасау сату – сатып алу мәселесі жасалған сәттен бастап, бір айдан кешіктірмей арыз түскен кезден бастап қайта есептесу жүргізіледі.
  • Тұрғындар санының өзгеруі туралы арыз бойынша қайта есептеу азаматтарды тіркеу кітабы негізінде жасалады. Пәтерді жалға берер кезде арызға нақты тұратын адамның мекен – жайы мен пәтерде есепте тұрған адам саны, екі жақ азаматтарды тіркеу кітабын ұсынады.
  • Барлық анықтамалар бойынша (аурухана, жұмыс орны, шипажай т.б) анықтамада көрсетілген соңғы күннен бастап бір ай ішінде орындалады.
  • Пәтер тұрғындары уақытша жол жүруге шыққанда дәлел болатын құжатпен бірге арыз бергенде жасалады (іссапар куәлігі, көші – қон карточкасы, аудандық және ауыл әкімдерінің анықтамалары, келу пунктінің сумен қамтамасыз ету мен кәріз су бұру кәсіпорнының, ЖПК анықтамасы).
  • Темір жол мен әуе билеттері бойынша қайта есептесу билетте көрсетілген соңғы күннен бастап бір ай ішінде жасалады. Қайтыс болғандығы туралы қайта есептесу азаматтарды тіркеу кітабына сәйкес жүргізіледі.  
  • Басқа қалада оқып жатқандығы үшін қайта есептесу оқу орнынан анықтама ұсыну негізінде (1 және 1 семестрге) жылына екі рет жүргізіледі.
  • Бау – бақша кооперативтері берген анықтамалар қайта есептесуге жарамайды. Бау – бақшаға барар кезде запорлы арматура жабылып, ішкі пәтер желілері техникалық жағынан істен шықпауы тиіс.Бау – бақшада тұрған кездегі төлем ақы қызмет өткізу су есептеу тобының бақылаушысымен құрылған су – запорлы арматура мен бекітпені алу актісінің негізінде ғана жүргізілмейді.
  • Пәтерде тұрғындардың тұрмағандығы кезінде тұтынушының арызы бойынша су запорлы арматураны бекіткеннен кейін төлемақы есептелмейді.
  • Шетелде болғандығы туралы ресми құжатта (консулдықтан анықтама, жұмыс орнынан шарт, оқу орнынан анықтама, тұрғын ұйымда тіркелуі, қозғалыс туралы визалы шетелдік төлқұжат)