Техникалық жағдайлар

Табиғимонополияларсаласындағыреттеліп
көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға)
қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну
қағидаларынбекіту туралы
 
ҚазақстанРеспубликасыҰлттық
 экономика министрінің 2014 жылғы
 29 желтоқсандағы № 175 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
2015 жылы 13 сәуірде № 10705 тіркелді.

 

Суменжабдықтаужәне (немесе) суды бұружүйелеріне қосылуға техникалықшарттардыалуға қажетті құжаттар тізімі:

 

Суменжабдықтаужәне/немесе су бұружүйелерінеқосылуғатехникалықшарттардыалуғаарналғанөтініште (өтінімде, арызда) мыналаркөрсетіледі

1) тұтынушының атауы мен деректемелері, өндірістік қызметінің сипаттамасы;

2) тұтынушы техникалық шарттарды алуға уәкілеттік берген тұлға туралы мәліметтер (қажет болған жағдайда);

3) сумен жабдықтау және суды бұру қызметтерін тұтынуды белгілеу;

                4) жобаланып отырған объектінің сумен жабдықтау және су бұру бойынша бастапқы деректері (тәулігіне текше метр м3 /тәулік, сағатына текше метр м3 /сағ, секундына ең жоғары литр л/с) суды пайдалану түрлері бойынша, оның ішінде өрт сөндіру қажеттіліктеріне (секундына литр л/с);

               5) сумен жабдықтау және/немесе су бұру қызметтерін өндірісте тұтынған жағдайда сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін тұтынудың мәлімделген көлемдерін негіздейтін материалдар;

               6) тұтынушы өндірістік сарқынды суларды тазарту үшін жергілікті тазалау құрылыстарының сипаттамасын (қолданыстағы объектілер үшін);

              7) сумен жабдықтау және/немесе су бұру қызметтерін өндірістік тұтынған жағдайда, елді мекеннің су бұру жүйесіне ағызылатын және ағызылуға тиіс сарқынды сулардың;

              - қазіргі жағдайда және перспективада түрлері бойынша өндірістік сарқынды сулардың шығыстары;

              - қазіргі жағдайда және перспективада тұрмыстық сарқынды сулардың шығыстары;

              - қазіргі жағдайда және перспективада жекелеген көрсеткіштер (физикалық, химиялық, биохимиялық, бактериологиялық, радиоактивті) өндірістік сарқынды сулардың құрамы;

              - шығарудағы сарқынды сулардың тұрмыстық шығыстары жөніндегі деректер мен сипаттамалары;

            8) қосылатын объектінің сипаттамалары (ғимараттың мақсаты, биіктігі немесе қабаты, қосалқы тұтынушылардың тізбесі).

Сумен жабдықтау және/немесе су бұру жүйелеріне қосылуға техникалық шарттар алуға арналған өтінішпен (өтініммен, арызбен) тұтынушы көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге жаңа құрылысты салу үшін жер учаскесін (учаскені қолдану үшін рұқсатты) алу туралы жергілікті атқарушы органның шешімін немесе қолданыстағы объектілерді өзгертуге (реконструкциялауға, жаңадан жоспарлауға, қайтадан жабдықтауға) жергілікті атқарушы органның рұқсатын ұсынады.

 Көрсетілетін қызметтерді жеткізуші жазбаша өтінішті (өтінімді, арызды) алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде объектіге қосылуға немесе сумен жабдықтау және су бұру құрылыстарының өнімділігінің қоры және сумен жабдықтау және су бұру желілерінің өткізу қабілеттілігі жеткілікті болған кезде инженерлік желілерді дамытуға техникалық шарттар береді немесе себептерін көрсете отырып, техникалық шарттарды беруден бас тартады.

    Техникалық шарт 5 жұмыс күн ішінде орындалады.