Департамент суымен жабдықтау қызметінің тұтынушыларын шақырады

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 34-тармағына сәйкес, салқын су мен  жабдықтау қызметі бойынша, «Ақбұлақ» АҚ абоненттерін шақырады.

Тұтынушыларды қабылдау 2019 жылғы 28 наурыз күні, сағат 09:00-ден 12.00 аралығында Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 29А, «Ақбұлақ» АҚ ғимаратында өткізіледі.

Әрбір тұтынушы, оны қызықтыратын сұрақтар бойынша сәйкесінше түсіндірме алуына болады.

Анықтама үшін телефон: (87132) 54-08-15.