Кәсіпорын туралы Сумен қамтамасыз ету Канализация Тұтынушылар үшін Экология СЕМ Контакты
kaz | rus
+7 (7132) 59-52-60 жүру кестесі

Сумен қамтамасыз ету

Ақтөбе қаласының сумен қамтамасыз ету жер асты суының 25 қала және локальды бастоғандарының өндірістілігі тәулігіне 181,143 мың текше метр су тоғандары арқылы қамтамасыз етіледі.

Нысан атауы Ұңғымалар
саны
Өндірімділік
мың.м3/тәу.
1 Жоғарғы- Қарғалы бастоғаны 35 60,0
2 Сол және оң жағалау Елек бастоғандары 20 36
3 Тамды бастоғаны 10 17,3
4 Құңдақтықыр бастоғаны 21 38,9
5 Энергетик ауылы 2 1,382
6 Госплемстанция ауылы 1 0,432
7 Жаңақоныс ауылы 2 1,642
8 Құрашасай ауылы 4 0,432
9 Новостепановка ауылы 3 0,432
10 Ясный ауылы 2 0,9
11 Жастар ауданы 3 1,9
12 Ақжар ауылы 2 1,037
13 Акжар-2 ауылы 4 1,9
14 Қызылжар ауылы 3 0,644
15 ПМС- 41-ый разъезд 2 1,560
16 Қурайлы ауылы 2 1,200
17 Оңтүстік - батыс (РЧВ-2шт.-1000) 3 1,348
18 Заречный-3 ауылы (РЧВ-4шт.-2000) 3 4,665
19 Бауырластар (РЧВ-0) 1 0,086
20 Елек ауылы (РЧВ-3шт.- 1500) 3 0,804
21 Су қоймасы ауданындағы тұрғындар массиві 1 0,259
22 Ясный-2 ауылы 2 1,382
23 Песчанка ауданындағы бастоған 5 5,210
24 Сазды ауылы 2 1,728
Барлығы 136 181,143

Қолданыстағы бастоғандардың қысқаша сипаттамасы.

Құңдақтықыр бастоғаны.

Құңдақтықыр бастоғаны Ақтөбе облысы Алға ауданында Ақтөбе қаласынан оңтүстік – батыс жақта 45 км қашықтықта орналасқан. Бастоған өндіріс қуаттылығы тәулігіне 38,9 мың.м. Құңдақтықыр жер асты суларының су көзі 1960-1964 ж.ж. Батыс- Қазақстанның кешенді гидрогеологиялық экспедициясы көмегімен табылған болатын.

Құңдақтықыр бастоғанының жер асты су көзі кіші артезиандық бассейні болып табылады. Ұңғыманың тереңдігі 168 метрден 260 метрге дейін жетеді, ұңғыманың дебиті сағатына 90 текше метрге тең. Тереңдік сорғылармен жер бетіне тартылған су, су тартқыштармен әр қайсысы 250текше метр екі темірбетон резервуарға құйылады. Резервуарлардан сорғыланып, d=800-1000 мм болат су тартқышы арқылы қашықтығы 45,3су тазалау имараттары жетеді.


Жоғарғы – Қарғалы бастоғаны.

Жоғарғы – Қарғалы бастоғаны 1980 жылы пайдалануға берілді, Ақтөбе қаласынан солтүстік – шығыс жақта 8-12 км қашықтықта орналасқан. Бастоған тереңдігі 13 метрден 19 метрге дейін жететін 35 ұңғымадан тұрады. Жер асты суы тереңдік сорғылармен жер бетіне сорғыланып, қашықтығы 13,5 км (2d=600мм және d=800 ) су тартқыштары арқылы таза су резервуарына жеткізіледі. Резервуарлар Төменгі Қарғалы бастоғанының ІІ көтерілімі сорғылау бекетінде орналасқан.


Тамды бастоғаны.

Тамды бастоғаны Тамды өзені алқабындағы Елек өзені сол ағысында, Тамды өзені мен Елек өзені алқабындағы арна қиылысында орналасқан. Тамды бас тоғаны Ақтөбе қаласынан оңтүстік және оңтүстік – батысқа қарай орналасқан. Жер асты суларының Елек су көзінің құрамдық бөлігі болып табылады.
Тамды бас тоғаны Ақтөбе қаласынан оңтүстік – батыс бөлігінде орналасқан. Бастоған 1967 жылы пайдалануға берілді. Тереңдігі 35 метрден 45 метрге дейінгі 10 ұңғымадан тұрады.


Електің оң және сол жағалау бастоғандары.

Жер асты суларының Елек су көзі Ақтөбе қаласынан оңтүстік және оңтүстік – батыс жағында орналасқан және Елек өзені қойнауының аллювиальды шөгінділеріне бейімделген.

Елек бастоғандары Елек өзені екі жақ жағалауындағы өзеннен солтүстік – батыстан оңтүстік – шығысқа созылып жатыр.

Елек бастоғандары үшін таулық су тартудың жалпы алаңы 0,45 км, ал тереңдігі 20м. Елек бастоғаны Елек өзенінің сол жағалауында қаланың оңтүстік – батыс бөлігінде орналасқан.

Електің сол жағалау бастоғаны қаланың оңтүстік – шығыс бөлігінде Електің сол жақ жағалауында орналасқан. Ол 1972 жылы пайдалануға берілген. Ұңғыма тереңдігі 15- тен 29 метрге жетеді. Жинақталған су тартқыштар қашықтығы 2,63км d=500мм екі желіден тұрады. Таза су резервуарларға (2х1500м және 1х600м). Тамды бастоғанының ІІ көтерілімі сорғылау бекетінің алаңында орналасқан.

Електің оң жағалау бастоғаны қаланың оңтүстік – шығыс бөлігінде Електің оң жағалауында орналасқан.

Бастоған 1976 жылы пайдалануға берілген. Ұңғыма тереңдігі 22-ден 28 метрге жетеді. Жинақталған су тартқыштар қашықтығы 3,95 км,d=500мм екі желіден тұрады. Таза су резервуарларына (2х1500мм және 1х6000м). Тамды бастоғанының ІІ көтерілімі сорғылау бекетінің алаңында орналасқан.


Су даярлау процесінің технологиялық сипаттамасы.

Ақтөбе қаласының су тазалау имараттары тәулігіне 61,0 мың текше метр өңдіреді. Ол 1987 жылы пайдалануға берілген. Ақтөбе қаласының батыс жағында орналасқан.

Су тазалау имараттарының негізгі жұмысы құрамындағы темір көрсеткіші (10- 12 мг/л дейін) жоғары Құңдақтықыр бастоғаны суын темірсіздендіру мен залалсыздандыру болып табылады.

Су тазалау кешеніне темірсіздендіру бекеті, таза су резервуары болып табылады.

Келген су қабылдау камераға сүзгіленбес бұрын келіп, жоғары су деңгейінен 0,6 метрден құйылып, қабылдау камерадан су бір мезетте темірсіздендіретін және маргаництен айыратын 6 сүзгіден құрал диабазды щебень болып табылады. Суды залалсыздандыру хлорлау арқылы жүзеге асырылады. Темір мен маргаництен тазаланған су таза су резервуарына барады.

Алаңда 4 резервуар бар. 6000 текше метрден 2 резервуар және әрқайсысы 10000 текше метр 2 резервуар.

Содан соң ауыз су өздігінен немесе сорғы арқылы 3 арынды су тартқыштар арқылы тұтынушыға беріледі.