Кәсіпорын туралы Сумен қамтамасыз ету Канализация Тұтынушылар үшін Экология СЕМ Контакты
kaz | rus
+7 (7132) 59-52-60 ж?ру кестесі

Кәсіпорын туралы

«Ақбұлақ» акционерлік қоғамы 1993 жылы 30 желтоқсанда Ақтөбе қалалық ауыз су – кәріз су шаруашылығы мекемесінің қайта құрылуы жолымен қалыптасты. Ауыз су шаруашылығы мекемесі 1937 жылдан бастап Ақтөбе қаласының тұрғындары мен кәсіпорындарын ауыз сумен қамтамасыз етіп, кәріз суын тазалау бойынша қызмет көрсетіп келеді. Сумен қамтамасыз ету тәулігіне 181,143мың текше метрге дейін су өндіретін бес жер асты су көздерінен тартылады.

Қалаға су жалпы қашықтығы 840км су құбыры желілері бойынша жүзеге асырылады. Кәріз суды бұру өздігінен ағызылатын және арынды кәріз су коллектарларымен 482,79км желіс арқылы сыртқа шығарылады.

Сумен қамтамасыз ету қызметтеріне төлемақы жүргізуді "ОСМП" ЖШС терминалдары арқылы жүргізуге болады.

«Водосвет» су өткізу бойынша қалалық су құбыры басқармасы 1937 жылы 3 қазанда құрылып, екі ұңғымасы мен екінші су көтерілімі сорғылау бекеті және бес шақырымдай су құбыры желісі болды.

50- жылдары Елек өзенінде екі ұңғыма бұрғыланып, қолданылуға берілді.

1937 жылы қашықтығы 11,8 км су құбыры салынып, сыйымдылығы 600 текше метр резервуар мен 3 ұңғыма салынды.

60 жылдары қалада өнеркәсіп қарқынды дами бастады. Кәсіпорын жұмысына жаңа кадрлар қажет бола бастады. Қала кеңейіп, құрылыс дамып, жаңа үйлер салына бастады. Іс жүзіндегі ұңғымылар мен су құбырларының қуаттылығы жеткіліксіз болды.

1962 жылы кәріз су желілері қосылды.

  • кәріз су тазалау ғимараттары (КТИ)
  • кәріз су сорғылау бекеттері (КСБ)

1963 жылы қаланы толық сумен қамтамасызету үшін Сазды су тоғаны іске қосылды және К.Либнехта көшесі бойындағы су арынды мұнарасы ашылды.

1965 жылы шағын ауданы бастоғаны, 4 ұңғыма, 50 км су құбыры, 20,9 км кәріз су желісі, 28 га сүзгілеу алаңы пайдалануға берілді.

№7,8, КСБ сүзгілеу алаңы. Тұрғындар қалашығы бастоғаны және 10 ұңғыма салынды, №6 КСБ пайдалануға беріліп, шағын аудандардың суын сорғылау мен сүзгілеу алаңына айдалды.

1967 жылы 10 ұңғымадан тұратын, қуаттылығы тәулігіне 17,3мың Тамды бастоғаны пайдалануға берілді.

1972 – 1976 ж.ж 20 ұңғыманы, өндірістілігі тәулігіне 36 мың текше метр 2 Елек бастоғандары салынды.

1979 – 1980ж.ж кәріз суды сорғылаудың екінші кезеңі салынды. Оған №11 КСБ, кәріз су тазалау имараттары, арынды коллекторлар мен реттеуіш сыйымдылық түйіні.

1983 жылы Жоғарғы – Қарғалы бастоғаны салынуы басталып, 1985 жылы құрылыс аяқталды. Оған су өндіргіштігі тәулігіне 39,7 мың 28 ұңғыма жатады.

1985 жылдан бастап Құңдақтықыр және Сарыбұлақ бастоғандары салынып, пайдалануға берілді. Қуаттылығы тәулігіне 61,0 мың текше метр су тазалау имараттары (СТИ) салынды.

1995 жылы Ақтөбе қалалық су мен кәріз су желісі басқармасы «Ақбұлақ» АҚ болып өзгертілді.

1998 жылы «Ақбұлақ» ААҚ.

2004 жылы «Ақбұлақ» АҚ өзгертілді.

Қазіргі таңда Ақтөбе қаласын сумен қамтамасыз ету Електің оң және сол жағалау, Тамды және Жоғарғы Қарғалы мен Құңдақтықыр бастоғандары жер асты суларынан алынады.

Қазірде біздің кәсіпорында 1137 адам қызмет атқарып келеді. Барлық су құбыры мен кәріз су қызметтерін көрсету жұмысымен шұғылданып келеді. «Жаңа қоныс», «Ясный», «Қарғалы», «41 разьезд» және тағы басқа көптеген елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етеді.

Барлық бұл шаруашылықтарға тәулік бойы ақаулық – диспетчерлік қызметі мен су құбыры мен кәріз су желісі басшылық етеді.

Су тапшылығын болдырмай, қаланы үзіліссіз сумен қамту үшін Жоғарғы – Қарғалы суының қорын барлау керек, ол үшін көптеген ресурстар бөлу жөн. Барлау жұмыстары аяқталуы салдарынан тәулігіне 30 – 40 мың текше метр су қорының көбеюіне жеткізетіні дәлел болып отыр.

Қалалық ауыз су мен кәріз су басқармасы жан – жақты бірыңғай күрделі желісі болғандықтан қаланы тәулігіне 450 мың текше метр сумен қамтамасыз етеді.

Су құбыры желісінің қашықтығы 814,4км, кәріз су желісінің қашықтығы 482,79 км.

Кәсіпорын балансында 46 кәріз су сорғылау бекеті, тұрғын үйлерге ауыз су көтеретін 87 су қысымын көтеру бекеті бар.

Кабильді және электр қуатын беру желісінің әуе желісі 360 км және 76 трансформаторлы бекетшелер бар.

Кәріз ағынды сулар диаметрі 900 мм 2 арынды коллекторлар арқылы тәулігіне 103 мың қуаттылығымен толық механикалық және биологиялық тазалаудан өту үшін қалалық тазалау имараттарына жіберіліп, сыйымдылығы 40 млн текше метр су жинақтағыш әуітке жиналады.

Кәсіпорынның маңызды бір бөлігі кәріз су сапасын бақылау. Ол химия – биологиялық зертхана сынақтан өткен және сапалық сертификаты бар.

Сонымен қатар, қажетті барлық құрал – жабдықтармен жасақталған және де кәсіби мамандар жұмыс жасайды.