Кәсіпорын туралы Сумен қамтамасыз ету Канализация Тұтынушылар үшін Экология СЕМ Контакты
kaz | rus
+7 (7132) 59-52-60 жүру кестесі

Канализация

Ақтөбе қаласының кәріз су тазалау имараттары қаладан тыс солтүстік – батыс бағытта 7 км қашықтықта орналасқан. Бұл кешен 1981 жылы пайдалануға берілген.

2009 жылдың шілдесінен бастап 2011 жылғы желтоқсанына дейін «Ақтөбе облысы құрылыс басқармасы» МП тапсырысы бойынша учаскеге жаңарту жұмыстары жүргізілді.

Тазалау имараттары шаруашылық – тұрмыстық және өнеркәсіптік кәріз суларды тәулігіне 103 текше метрге дейін қабылдауға арналған. Ол суды механикалық және биологиялық тазалаудан өткізіп, жинақтағыш тоғанға ағызылып, онда жыл бойы су табиғи жолмен тазарылып, рұқсат беретін бақылаушы органдардың келісімімен көктемгі су тасқынды суына 1\10 ара қатынаспен Елек өзеніне ағызылады. Нысан құрылымы бір – біріне тығыз байланысты бірнеше бөлімдерден тұрады. «Кәріз су сапасын сынамалау зертханасы». Зертханадағы жұмысшылар штаты 16 адамды құрайды. Оның 4 (ИТҚ) инженерлі – техникалық қызметкерлер, олар 180 жуық қала кәсіпорындарының «Ақбұлақ» АҚ кәріз су желісіне жіберген ағынды суды аналитикалық бақылау жасап отырады. Сонымен қатар технологиялық бөлімдермен бірігіп, кәріз судың әрбір тазартылу сатысынан өтуін бақылап отырады.

Технологиялық бригаданың штаты 40 адам, оның екеуі ИТҚ. Жұмыс 4 бригадамен тәулік бойы атқарылады. Жұмыс түрі – сынамалық зертхананың мәліметіне сүйене отырып, технологиялық процесті басқару болып табылады.

Слесарь – жөндеушілер 6 адам. Технологиялық құрылғыларды жоспарға сай жөндеу АҚЖ бригадасы – 6 адам. Ақаулы жағдайларды жою.