Кәсіпорын туралы Сумен қамтамасыз ету Канализация Тұтынушылар үшін Экология СЕМ Контакты
kaz | rus
+7 (7132) 59-52-60 жүру кестесі

Экология

1.Экологиялық саясат

Қазіргі уақытта қоршаған ортаны қорғау мәселесі халықаралық және қазақстандық саясатының басым бағытының бірі болып отыр.
Экологиялық нормалар  көрсеткіштерін ең тиімді техноголияға ауыстыру сұрағы, экологиялық төлем  жүйесінде өзгерістер, қажетті рұқсат құжаттарын рәсімдеу, табиғатты пайдалану саласындағы  эмиссияға рұқсат және басқа да өзекті мәселері шешілуде.
Табиғатқа антропогенді ауыртпалықты төмендету  негізінде тазалау ғимаратындағы  бөгеу рөлін көтеруде қоршаған ортаны қорғауға «Ақбұлақ»АҚ үлкен көңіл бөлуде.
Ақтөбе қаласында  шаруашылық –тұрмыстық, коммуналдық  және  өндірістік ағынды сулары қалалық тазалау имараттарына барып түсетін ортақ  ағынды су шығару жүйесі бар.
Кәріз су тазалау комплексі (КОС) тәулігіне 103 мың текше метр су тазалайды. Бұл комплекс 1981 жылы салынған.
Ақтөбе қаласының кәріз су желісіне жылына 16 млн текше метр  ағынды су келіп түседі. Оның 4,1 млн текше метрі ірі тұтынушылар «Ақтөбе ТЭЦ», «АЗХС», «АЗНО», «Авиаремзавод 406», ТНК Казхром тәріздес орта және кіші бизнесті кәсіпорындардан келіп түседі. Кәсіпорындар мен  ұйымдардың барлық саны 4707, оның ішінде 4257 шаруашылық субъектілер.
Зиянды заттардың концентрациясының артық  мөлшерде болуынан тазалау имараттардың  жұмысын күрделендіріп отыр және де су тазалауды қалыпты деңгейге жеткізу үшін қосымша шығынды талап етеді.
«Ақбұлақ» АҚ  сынамалау зертханасының зерттеу қорытындысы  бойынша  2013 ж қаңтар айында  зиянды заттар концентрациясының  артық  мөлшерде  болуы «Ақтөбе ТЭЦ», «Темирбетон» АҚ, «Стройдеталь» ЖШС, «Экотон Батыс» ЖШС, «Алина Holdinq»ЖШС, «Данай Актөбе» ЖШС, «Балюн» ЖШС , «Гелиос» ЖШС, «Автопарк» ЖШС, «Бизнес» т.с.с. кәсіпорындардың сынамаларынан тіркелген болатын. Осыған байланысты, кәріз су тазалау имараттарына түсетін ағынды сулардың сапасына қаланың өндірістік кәсіпорындары  ықпал етуде. Ол кәсіпорындарға дара тазалау жүйесін салу бойынша үнемі жұмыстар жүргізіліп тұрады.
2008 -2011 жылдары «Мас-Так» ЖШС бас мердігермен «Ақтөбе облысы құрылыс басқармасы» ММ тапсырмасы бойынша республикалық бюджеттен 4,9 млрд№ тенге бөлініп ҚР ҚОҚМ желісі бойынша КТИ-ды қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген болатын. 1 – кезекте. Тазалау имараттарының элементтерін қалыпқа  келтірді. (тор, құм ұстағыш, тұндырғы, аэротенк, шикі тұнба сорғылау бекеті). 2-кезекте ( РСТ  арынды коллекторы) реттеуші сыйымдылық түйіні.

2. «Ақбұлақ» АҚ 2012-2014 жылдарға  қоршаған ортаны қорғау іс –шаралары.
Қазіргі уақытта Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің экологияны реттеу және бақылау комитетімен келісілген «Ақбұлақ» АҚ 2012-2014 жылдарға арналған қошаған ортаны қорғау іс-шараларын орындауда.
Іс-шара жоспарына «Ақбұлақ»АҚ өз қаражаты есебінен орындалатын шаралар енгізілген.
1.Реттеуші сыйымдылық түйіні көмірмен жанатын қызметтік нысанды электрлі жылытуға қосу;
2.Кәсіпорын нысандарының бүлінген жерлеріне рекультивация жұмыстарын жүргізу;
3.Кәсіпорын нысандарын көгалдандыру жұмысы;
4.Ұңғымаларға су өлшеуіш орнату;
5.Арнайы мекемелермен жиналған қалдықтарды әрі қарай пайдалануға алуға келісім шартқа отыру жұмыстары;
6.Ғылыми –тексеру,  зерттеу және басқа да өңдеулер;
7.Қоршаған орта саласындағы  мемлекеттік және жергілікті газет және журналдарға жазылу;
2013 жылғы Қошаған ортаны қорғау іс-шарасына  барлығы -3 530,0 мың тенге жоспарланған, 753,041 мың тенгесіне жұмыстар жасалды. 21% орындалды.
Негізгі қоршаған ортаны қорғау іс-шараларынан басқа да қоршаған орта жағдайын жақсарту мақсатындағы шаралар орындалады. Солардың қатарына рұқсат құжаттарын рәсімдеу, тазаланған ағынды суларды Илек өзеніне ағызу,қоршаған ортаға жағымсыз әсерлерін төмендету бағытындағы жұмыстар.
Табиғатты қорғау іс шаралының  тиімділігі:

  • ғимараттардағы ағынды суды өңдеу кезінде пайда болған жағымсыз әсерлерін азайту;
  • қоршаған орта жағдайын жақсарту, ауаға шығарылатын ластаушы заттарды төмендету және  кәсіпорын қалдықтарын  өндірістік қажеттілікке пайдалану;
  • ауыз су сапасын жақсарту;
  • су ресурстарын тиімді пайдалану және ағынды жөнге келтір;
  • ағынды су сапасын жақсарту, жер асты суларының деңгейін төмендету.